Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау



Ст. 15 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық процесті жүргiзетін орган қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi. 

2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер бойынша және тәртіппен өтелуге жатады. 

3. Жәбiрленушiнi, куәны немесе қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не өзге де құқыққа қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытты деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процесті жүргiзетін орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...674 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V