Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
153-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту



Ст. 153 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V




1. Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде оның күші жойылады немесе ол осы Кодекстің 136 және 138-баптарында көзделген негіздер мен мән-жайлар өзгерген кезде қатаңдығы неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым ауыр шараға өзгертіледі. 

2. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның уәжді қаулысы бойынша жүргізіледі. 

3. Прокурор санкциялаған, қолданған, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында оның нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасының күші прокурордың келісімімен ғана жойылуы немесе ол өзгертілуі мүмкін. 

4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 100-106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

5. Тергеу судьясы санкция берген күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде бұлтартпау шарасының күшін жою прокурордың келісуімен жүргізіледі. 

6. Кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларының күшін жою туралы қаулыға шағым жасау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі. 

Ескерту. 153-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...151 152 153 154 155 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 153-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V