Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 174 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу

1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қорғаушысы мен өкілінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге не сотқа клиентпен шарт жасаспай, тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде қатысқанда адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргiзетiн орган бұған негіздер болған кезде күдіктiнi, айыпталушыны, сотталушыны заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады. 

Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...172 173 174 175 176 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 174-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V