Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы



Ст. 175 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы: 

1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса – жұмыс орны бойынша жалақы; 

2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және оны жұмыстан тыс уақытта орындаса – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлемелер шегiнде бюджет қаражаты есебiнен сыйақы; 

3) егер жұмысты тараппен уағдаластық бойынша орындаса – осы тараппен жасалған шартта айқындалған мөлшерде сыйақы алады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайда, сыйақы аудармашы, маман, сарапшы шотты бергеннен кейiн шығарылған қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде төленеді.

Статья 1 ...173 174 175 176 177 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 175-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V