ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
183-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар
Ст. 183 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар газетте немесе журналда жарияланғанда не радио, теледидар немесе телекоммуникациялық желілер арқылы таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан бұқаралық ақпарат құралында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi.

Добавить комментарий к 183-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V