Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 184 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат

1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда: 

1) өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда; 

2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады. 

3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат тиісті мәліметтерді қамтитын соттың жекеше қаулысы келіп түскен жағдайда толтырылуы мүмкін.
Статья 1 ...182 183 184 185 186 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 184-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V