Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 191 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру

1. Осы баптың екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. 

2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 146 (бірінші бөлігінде), 147 (төртінші бөлігінде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-1, 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 316 (үшінші бөлігінде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 340 (екінші және үшінші бөліктерінде), 341 (бірінші бөлігінде), 342 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379, 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады. 

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi. 

4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (екіншi бөлiгiнде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi. 

5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді. 

6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi. 

7. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 217-1 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi. 

9. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргiзедi. 

11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi. 

11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi. 

12. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi. 

14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi. 

15. Осы баптың он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады. 

16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бiрiншi бөлiгiнде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаумен байланысты болса, үшiншi бөлiгiнде), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 295-1 (бірінші бөлігінде), 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316 (бірінші және екінші бөліктерінде), 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 336, 340 (бірінші бөлігінде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi. 

17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 241, 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi. 

18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді. 

19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi. 

19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 370-2 (бірінші бөлiгiнде), 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi. 

19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi. 

20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді. 

21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді. 

22. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1 (бірінші бөлігінде), 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді. 

24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (үшiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық терiс қылық туралы iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi. 

25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді. 

26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді. 

Ескерту. 191-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 139-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...189 190 191 192 192‑1 ...674

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться