Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
195-бап. Топ жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi

Ст. 195 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Топ жетекшiсi өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуiне қабылдайды, топтың жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлер мен анықтау органдары қызметкерлерінің әрекеттерiне басшылық жасайды. 

2. Қылмыстық қудалауды, қылмыстық істі толықтай немесе оның бір бөлігін тоқтату, қылмыстық істерді бiрiктiру және бөлу, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы өтінішхат қозғау туралы, сот санкциялайтын бұлтартпау шараларын қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi топ жетекшiсi ғана қабылдайды. 

3. Айыптау актісін, істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулыны, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны топ жетекшісі жасайды және оларға қол қояды. 

4. Топ жетекшiсi осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу әрекеттеріне қатысуға, тергеу әрекеттерін жеке өзi жүргiзуге және шешімдер қабылдауға құқылы. 

5. Жетекшi болып тағайындалған прокурор тергеушiнiң осы Кодексте көзделген барлық өкiлеттiктерiн пайдаланады.
Статья 1 ...193 194 195 196 197 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 195-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V