Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы



Ст. 204 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V




1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда: 

1) оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы және туған жері; 

2) қылмыстың жасалған уақыты, орны, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабына сәйкес дәлелденуге жататын өзге де мән-жайларды көрсете отырып, осы адам жасады деп күдік келтірілген қылмыстың сипаттамасы; 

3) адамға оны жасады деп күдік келтіріліп отырған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетілуге тиіс. 

2. Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген кезде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда қылмыстық заң баптарының (бөліктерінің, тармақтарының) әрқайсысы бойынша адамның нақты қандай әрекеттер (әрекетсіздік) жасады деп күдік келтірілетіні көрсетілуге тиіс. 

3. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының көшірмесі ол шығарылғаннан кейін жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі.


Статья 1 ...202 203 204 205 206 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 204-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V