Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 209 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
209-бап. Жауап алу орны, уақыты мен ұзақтығы

1. Жауап алу сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жерде жүргiзiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер оны қажет деп тапса, жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзуге құқылы. 

2. Жауап алу кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, күндiзгi уақытта жүргiзiледi. 

3. Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол беріледі, бұл ретте жауап алудың бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан аспауға тиiс. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, жауап алудың ұзақтығы дәрiгердiң жазбаша қорытындысының негiзiнде белгiленедi. 

4. Кәмелетке толмаған адамнан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жүргiзiлмейді. Кәмелетке толмаған адамның қажығаны анық болған жағдайда, жауап алу осындай уақыт өткенге дейін де үзілуі мүмкін.
Статья 1 ...207 208 209 210 211 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 209-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V