Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру



Ст. 21 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдiгi бастауларында жүзеге асырылады.

2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды.

3. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...674 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 21-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V