Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 220 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
220-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары

1. Қарап-тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi. 

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргiзуге міндетті. 

3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның уақтылы келуі мүмкін болмаған жағдайда, қарап-тексеруді арыз немесе хабар келiп түскен анықтау органының анықтаушысы немесе өзге қызметкері жүргiзуге міндетті. 

4. Анықтау органдарының қызметкерлерi қарап-тексеруді жүргiзу кезінде жәрдем көрсетуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша оқиға орнын күзету, көзбен көргендерді анықтау және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды табу және ұстап алу, зардап шеккендердi көшiру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қайталануының алдын алу және оқиғаның өзге салдарларын жою жөнiндегi қажеттi іс-шараларды жүргiзуге мiндеттi. 

5. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он үшінші және он төртінші бөліктерінде көзделген жағдайда куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. 

6. Қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi. 

7. Табылған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру тергеу әрекетi жүргiзiлетiн жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс. 

8. Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады. 

9. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер қапталады, мөрленеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және куәгерлер тартылған кезде олардың қол қоюы арқылы расталады. 

10. Қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пiкiрлерi бойынша, iстiң мән-жайларын анықтауға ықпал ететiннің барлығына аударуға құқылы. 

11. Қарап-тексеру кезінде қажет болған жағдайларда қарап-тексерілетін объектiлерге өлшеу жүргiзiлiп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiру және өзге де құралдармен түсіріп алу жүргiзiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледі. 

12. Тірі адамды қарап-тексеру оның киген киімдерін және денесінің ашық бөліктерін көзбен шолу, сырттай қарап-тексеру нысанында жүргізіледі, оның барысы мен нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі. 

13. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсуiмен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргiзiлмейдi. 

13-1. Тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп қарап-тексеру жүргізу қажет болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қарап-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.  

Қаулыға қылмыстық істің қарап-тексеру жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі. 

Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі. 

13-2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды. 

13-4. Тергеу судьясы қаулыны және ұсынылған материалдарды қарап шығып, қарап-тексеруді санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі. 

14. Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейiннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. 

Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі. 

Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі. 

Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда, оның нәтижелері iс бойынша дәлелдемелер ретiнде жіберіле алмайды. 

15. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кезiнде онда тұратын кәмелетке толған адамның қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерi шақырылады. 

16. Ұйымдардың үй-жайлары мен аумағындағы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жайлар мен аумақтардағы қарап-тексеру олардың әкімшілігі өкілдерінің не үй-жайлар, аумақтар иелерінің, пайдаланушыларының немесе жалға алушыларының қатысуымен жүргізіледі. Олардың қатысуы мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады. 

16-1. Егер осы баптың он алтыншы бөлігінде аталған адамдар қарап-тексеруге қарсылық білдірсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оны тергеу судьясы санкциялауға тиіс. 

Санкция беруден бас тартылған жағдайда қарап-тексеру жүргізілмейді. 

16-2. Тергеу судьясының осы баптың он алтыншы бөлігінде көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарды мәжбүрлеп қарап-тексеруді санкциялау тәртібі осы баптың 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады. 

16-3. Ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жай немесе аумақ оқиға орны болып табылған жағдайларда, оларды қарап-тексеруге тергеу судьясының санкциясы талап етілмейді. 

17. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайлардағы, сол сияқты дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды қарап-тексеру тек дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның өтiнiшi бойынша немесе оның келiсуiмен және қатысуымен ғана жүргiзiледi. Дипломатиялық өкiлдiң келiсiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратылады. Қарап-тексеру жүргiзiлген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. 

18. Егер бiрiншi қарап-тексеру кезінде объектiнiң бөлшектерi қандай да бiр себептер бойынша зерттелмеген болса, оларды қосымша қарап-тексеру жүргiзiледі. 

19. Нақ сол объектіні қайтадан қарап-тексеру: 

1) бастапқы қарап-тексеру жағдайлары объектінің тиімді қабылдануы үшін қолайлы болмаған ретте; 

2) егер бастапқы қарап-тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болса; 

3) егер бастапқы қарап-тексеру сапалы жүргізілмеген жағдайда, өткізілуі мүмкін. 

Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәнтінге өзгеріс енгізілмеді - 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...218 219 220 221 222 ...674

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться