Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
222-бап. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру

Ст. 222 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Адамның мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан қарап-тексеру оның жалпы қағидалары сақтала отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң, ал оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда өзге дәрiгердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру үшiн басқа мамандар да тартылуы мүмкiн. 

2. Адамның мәйiтiн қосымша немесе қайталап қарап тексерген жағдайда, сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң қатысуы мiндеттi. 

3. Танылмаған адамның мәйiтiн фотосуретке түсiру, оған дактилоскопия жасау, сондай-ақ сараптамалық зерттеу жүргізу үшін үлгілер алу міндетті болып табылады. 

4. Адамның мәйiтiн сырттай қарап-тексеру кейіннен сот-медициналық сараптаманың жүргiзiлуiн алмастыра алмайды және жоққа шығармайды. 

5. Мәйiттi қарап-тексеру процесінде азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлiмдемелерi кейiннен мәлiмдеушiден куә ретiнде жауап алынып, сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгiзiледі, бұл адам мәйiтін бұдан әрі басқа адамдарға тану үшiн көрсетудi жоққа шығармайды.
Статья 1 ...220 221 222 223 224 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 222-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V