Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
223-бап. Куәландыру



Ст. 223 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Адам денесiндегi ерекше белгiлердi, қылмыстық құқық бұзушылық iздерiн, денсаулыққа келтiрілген зиянның белгiлерiн табу, мас болу жағдайын немесе iс үшiн маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгiлердi анықтау үшiн, егер бұл үшiн сараптама жүргiзу талап етiлмесе, күдіктiге, жәбiрленушiге, куәға, арыз иесіне және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамға куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн. 

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландыру жүргiзу туралы қаулы шығарады, ол күдікті, айыпталушы үшін, сондай-ақ арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адам үшін міндетті болып табылады. 

Жәбiрленушiнi, куәнi, арыз иесін мәжбүрлеп куәландыру прокурордың санкциясымен жүргiзiледi. 

3. Куәландыруды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен жүргізеді. 

4. Егер куәландыру адамның денесiн жалаңаштаумен ұштастырылатын болса, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе дәрiгер жүргiзедi.

Статья 1 ...221 222 223 224 225 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 223-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V