Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы

Ст. 224 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қарап-тексерудің, куәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әрекетін жүргізетін адам жасаған хаттамада осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып, көрсетіледі. 

2. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде жүргізілген барлық әрекеттер, сол сияқты қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде анықталғандардың барлығы олар жүргiзiлген ретпен және қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде анықталған күйiнде сипатталады. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде алып қойылған барлық объектiлер санамаланады және сипатталады. 

3. Хаттамада: қарап-тексеру немесе куәландыру қай уақытта, қандай ауа райы кезінде және жарықтың түсуi қандай болғанда жүргiзiлгенi; қандай ғылыми-техникалық құралдар қолданылғаны және қандай нәтижелер алынғаны; көрсетілген тергеу әрекетiн жүргiзуге кiмдердің тартылғаны және олардың қалай қатысқаны; қандай объектiлердің мөрленгені және қандай мөрмен бекiтiлгенi; қарап-тексеруден кейiн адамның мәйіті немесе iс үшiн маңызы бар нәрселер қайда жiберiлгенi көрсетiлуге тиiс. 

28-тарау. ЭКСГУМАЦИЯ

Статья 1 ...222 223 224 225 226 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 224-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V