Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі



Ст. 226 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V




1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында эксгумациялау жүргізу туралы өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны прокурорға жібереді. 

Қаулыға қылмыстық істің эксгумация жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі. 

2. Прокурор ұсынылған материалдарды қарап, өтінішхатты қолдайды не оны қолдаудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхатты қолдаған кезде прокурор шығарылған қаулы мен материалдарды сотқа жібереді. 

Прокурордың өтінішхатты қолдаудан бас тартуы осындай өтінішхатпен қайталап өтініш жасауға кедергі келтірмейді. 

3. Эксгумациялауды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды. 

4. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап, эксгумациялауды санкциялау туралы не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулы прокурорға және эксгумациялау туралы қаулы шығарған қылмыстық қудалау органына орындау үшін жіберіледі. 

5. Эксгумация жүргізу немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін. 

Ескерту. 226-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...224 225 226 227 228 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 226-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V