Ст. 238 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану
1. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерін зерттеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы осы Кодекстің 47 және 124-баптарының талаптарын сақтай отырып, қажет болған кезде маманды және анықтау органының тиісті қызметкерін тарта отырып жүргізеді. Зерттеу нәтижелері туралы осы Кодекстің 47 және 199-баптарының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады, онда жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері көрсетіледі.
2. Тергеуге қатысы бар нақты деректер хаттамаға қосып тігіледі.
Добавить комментарий к 238-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V