Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
251-бап. Жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау



Ст. 251 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған қылмыстар туралы нақты деректер алу мақсатында қылмыстық ортаға енгізілген және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялаған адамның жазбаша келісуі бойынша жүзеге асырылады. 

2. Енгізілген және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялаған адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу, аса қажеттілік, негізді тәуекел ету жағдайларын қоспағанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қауіп төндірумен ұштасқан әрекет (әрекетсіздік) жасауға тыйым салынады. 

3. Тергеушінің, анықтаушының келісімі бойынша уәкілетті орган қылмыстық ортаға енгізілу және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау барысы туралы үнемі хабарлайды. 

4. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға барлық материалдарды мөрленген түрде ілеспе хатпен бірге ұсынады. 

31-тарау. ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ


Статья 1 ...249 250 251 252 253 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 251-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V