Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 256 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
256-бап. Тiнту немесе алу хаттамасы

1. Тiнтуді немесе алуды жүргiзетiн адам осы Кодекстiң 199-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып, хаттама жасайды. 

2. Хаттамада нәрселердің немесе құжаттардың қай жерде және қандай жағдайларда табылғаны, олардың ерiктi түрде берiлгенi немесе мәжбүрлі түрде алып қойылғаны көрсетiлуге тиiс. Барлық алып қойылған нәрселер хаттамада саны, мөлшерi, салмағы, даралайтын белгiлерi және мүмкiндiгiнше құны дәл көрсетiле отырып, тізбеленуге тиiс. 

3. Егер тiнту немесе алу жүргiзілген кезде алып қойылуға жататын нәрселерді немесе құжаттарды жою немесе жасыру әрекеттерi жасалған болса, бұл хаттамада қолданылған шаралар көрсетiле отырып, жазылуға тиiс. 

4. Тiнту немесе алу хаттамасының көшiрмесi олар жүргiзiлген адамға не оның отбасының кәмелетке толған мүшесiне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымының немесе жергiлiктi атқарушы органның өкiлiне қолхат алына отырып табыс етіледі. Егер тiнту немесе алу ұйымда жүргiзiлсе, онда хаттаманың көшiрмесi оның өкiлдерiне қолхат алына отырып табыс етіледі. 

32-тарау. АЙҒАҚТАРДЫ СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ.
ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ

Статья 1 ...254 255 256 257 258 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 256-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V