Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 268 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
268-бап. Үлгiлерді алу туралы қаулының орындалу мiндеттiлiгi

1. Күдіктіден, айыпталушыдан үлгiлер мәжбүрленiп алынуы мүмкiн. 

2. Күдікті, айыпталушы өзiн қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп әшкерелейтiн айғақтарды тексеруді табанды түрде талап еткен, сондай-ақ венерологиялық аурулар мен өзге де жұқпалы аурулардың диагностикасы iс үшiн маңызы болғанда осындай диагностика үшiн үлгiлер алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жәбiрленушi мен куәдан үлгiлер олардың келісімімен ғана алынуы мүмкiн. 

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген жағдайларда жәбiрленушiден, куәдан, сондай-ақ арыз иесінен және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам деп тікелей көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен немесе соттың қаулысы бойынша ғана жол берiледi. 

Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...266 267 268 269 270 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 268-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V