Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 269 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
269-бап. Үлгiлер алу хаттамасы

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үлгiлердi алып, хаттама жасайды, онда үлгiлердi алу үшiн жасалған барлық әрекеттер жүргiзiлу ретiмен, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өзi сипатталады. 

2. Егер үлгiлердi қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған көрсетілген әрекетке қатысушылардың барлығы қол қояды және ол осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде белгiленген тәртiппен қылмыстық iске қосып тiгу үшiн қылмыстық процесті жүргізетін органға беріледi. 

3. Хаттамаға алынған үлгiлер қапталған және мөрленген түрде қоса беріледі. 

35-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ

Статья 1 ...267 268 269 270 271 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 269-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V