Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 273 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар

1. Сот сараптамасын жүргізу: 

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға; 

3) заңда көзделген тәртіппен және шарттарда біржолғы тәртіппен өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін. 

2. Сараптама жүргiзу процеске қатысушылар ұсынған адамдардың бiреуiне тапсырылуы мүмкiн. 

3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы көрсетілген адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi. 

Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...271 272 273 274 275 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 273-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V