Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 277 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
277-бап. Сот сараптамасы органынан тыс жерде сараптама жүргiзу

1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, қылмыстық процесті жүргізетін орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейін өзі сараптама жасауды тапсыруға ниеттенген адамның жеке басына көз жеткізуге және сарапшыға қарсылық білдіру үшін осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексеруге тиіс. 

2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстiң 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оның көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл әрекеттердiң орындалғаны туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулыда сарапшының қолымен куәландырылатын белгi жасайды. Сарапшы жасаған мәлiмдеме мен оның өтiнiшхаттары да осылайша тіркеледі. Сараптаманы тағайындаған адам сарапшының өтiнiшхатын қабылдамау туралы уәждi қаулы шығарады.

Статья 1 ...275 276 277 278 279 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 277-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V