Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 285 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу

1. Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу: 

1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау; 

2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау; 

3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу; 

4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 

2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі. 

3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады. 

4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.

Статья 1 ...283 284 285 286 287 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 285-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V