Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 286 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
286-бап. Күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету

1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабары, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 274-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген өзге адамдарға ұсынылады, олар өз ескертулерін ұсынуға, сарапшының түйіндері бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған немесе қабылданбаған жағдайда, қылмыстық қудалау органы тиісті қаулы шығарады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады. 

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарды сарапшының қорытындысымен және одан жауап алудың хаттамасымен таныстыру туралы хаттама жасалады, хаттамада олардың жасаған мәлiмдемелері немесе қарсылықтары көрсетiледi. 

3. Осы баптың қағидалары күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы немесе күдікті, жәбiрленушi деп тану туралы қаулы шығарылғанға дейiн сараптама жүргiзiлген жағдайларда да қолданылады.

Статья 1 ...284 285 286 287 288 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 286-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V