Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
29-бап. Жариялылық



Ст. 29 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында, кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша және басқа да істер бойынша, сондай-ақ оны жәбірленушінің, куәның немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уәжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауына жол беріледі. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген, тергеу судьясы шешетін шағымдар да жабық сот отырысында қаралады. 

2. Жабық отырыста істерді талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады. 

3. Соттың үкімі және іс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе және қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...674 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 29-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V