Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
293-бап. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру

Ст. 293 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру – прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша, ал қылмыстық iс немесе материалдар сот iсiн жүргiзу барысында жоғалған жағдайда прокурорға орындау үшiн жiберiлетiн сот шешiмi бойынша жүргiзiледi. 

2. Қылмыстық iстi қалпына келтiру осы Кодексте белгiленген тәртiппен дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн қылмыстық iс материалдарының сақталған көшiрмелерi, оның ішінде электрондық немесе қағаз жеткізгіштердегі мәліметтер бойынша не қылмыстық процестi жүргiзетiн органның процестік әрекеттер жүргiзу арқылы, сондай-ақ ақпараттық-есепке алу құжаттарының, өзге қажетті материалдардың негізінде жүргiзiледi. 

3. Қылмыстық iстi қалпына келтiру кезiнде анықтау, алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерi осы Кодекстiң 151, 192-баптарында белгiленген тәртiппен есептеледi. 

4. Егер жоғалған қылмыстық iс бойынша күзетпен ұстаудың шектi мерзiмi өтіп кетсе, күдікті дереу босатылуға жатады. 

37-тарау. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ
МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ

Статья 1 ...291 292 293 294 295 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 293-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V