Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 304 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
304-бап. Айыптау актісін табыс ету

1. Прокурор айыптау актісінің айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді, оның алынғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі. 

2. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыптау актісін айыпталушыға қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді. 

Қажет болған жағдайда, прокурор қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілерде жариялауды ұйымдастырады. 

3. Айыптау актісінің көшірмесі айыпталушының қорғаушысына, жәбірленушіге және оның заңды өкіліне табыс етіледі не көрсетілген адамдарға қолжетімді байланыс құралдары арқылы жіберіледі. 

4. Егер айыпталушы не жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асырылған сот ісін жүргізудің таңдалған тілін білмесе, айыптау актісі олар білетін тілде табыс етіледі.
Статья 1 ...302 303 304 305 306 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 304-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V