Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
313-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істер

Ст. 313 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты: 

1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын апелляциялық сатыда қарағаннан кейін оларды қайта қарау туралы өтінішхаттарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын; 

2) бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулылары апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан – оларға, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуларын, Бас Прокурордың наразылықтарын сот алқасында қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді. 

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды. 

Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...311 312 313 314 315 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 313-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V