Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 319 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
319-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша әрекеттерi

1. Қылмыстық iс сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi. 

2. Судья келiп түскен iс бойынша: 

1) жалпы немесе қысқартылған тәртіптегі басты сот талқылауын тағайындау; 

2) iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. 

3. Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда: 

1) қаулының шығарылған уақыты мен жерi; 

2) қаулыны шығарған судьяның лауазымы мен тегi; 

3) қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс. 

4. Шешiм iс сотқа келiп түскен кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. 

5. Судья қаулы шығарумен бiрмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға мiндеттi.
Статья 1 ...317 318 319 320 321 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 319-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V