Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 327 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату

Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ басты сот талқылауында мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда тоқтату туралы қаулы шығарады. Судья істi тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып, бұлтартпау шарасын, азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының күшін жояды және заттай дәлелдемелер туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi тоқтату туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға және жәбiрленушiге табыс етіледі.

Статья 1 ...325 326 327 328 329 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 327-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V