Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
331-бап. Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы



Ст. 331 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдемелер тiкелей зерттелуге жатады. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауға, сарапшылардың қорытындыларын жария етуге және зерттеуге, заттай дәлелдемелердi қарап-тексеруге, хаттамалар мен өзге де құжаттарды жария етуге, дәлелдемелердi зерттеу бойынша басқа да сот әрекеттерiн жүргiзуге тиiс. 

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек осы Кодексте көзделген айрықша жағдайларда ғана мүмкiн болады. 

3. Соттың үкiмi – тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған тәртібінде – тергеу мен анықтауды жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауласпаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi мүмкін.

Статья 1 ...329 330 331 332 333 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 331-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V