Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 334 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
334-бап. Басты сот талқылауында төрағалық етушiнiң өкiлеттiктері

1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді. 

2. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық етеді, сот төрелігінің мүддесiнде объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн осы Кодексте көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң мән-жайларын объективті және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы тәртiптемесінiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асыру тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысатын адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң әрекеттерiне қарсылық бiлдiрген жағдайда, бұл қарсылықтар сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
Статья 1 ...332 333 334 335 336 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 334-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V