Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 335 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
335-бап. Сотталушының басты сот талқылауына қатысуы

1. Басты сот талқылауы, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуға тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны күштеп әкелуге, сол сияқты оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. 

2. Істі сотталушының қатысуынсыз талқылауға: 

1) қылмыстық терiс қылық не онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасады деп сотталушы, айыпталушы iстi өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтiнiшхат берген; 

2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған; 

3) күзетпен ұсталып отырған сотталушы сот отырысына келуден және қатысудан бас тартқан жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.
Статья 1 ...333 334 335 336 337 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 335-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V