Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 338 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
338-бап. Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы

1. Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. 

2. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны талқылауды жәбiрленушi болмағанда iстiң барлық мән-жайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуы-болмауына қарай кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi. 

3. Жәбiрленушiнiң өтiнiшхаты бойынша сот оны айғақтар беру үшiн белгiлi бір уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. 

4. Жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеуi iстi тоқтатуға әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшхаты бойынша iс мәнi бойынша жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
Статья 1 ...336 337 338 339 340 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 338-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V