Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы

Ст. 339 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Басты сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады. 

2. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қою қараусыз қалдырылуы мүмкiн. Азаматтық талапкердің азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады. 

3. Сот азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің қатысуынсыз қарауға құқылы. 

4. Егер сот қажет деп тапса немесе егер талап қоюды прокурор қолдаса, сот азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне қарамастан қарайды. 

5. Азаматтық жауапкердің немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.
Статья 1 ...337 338 339 340 341 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 339-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V