Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 342 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
342-бап. Бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешу

1. Басты сот талқылауы кезiнде сот сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге, оның күшiн жоюға немесе оны ұзартуға құқылы. 

2. Сотталушыны бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау мерзiмi iс сотқа келіп түскен күннен бастап және үкiм шығарылғанға дейiн алты айдан аспауға тиiс. 

3. Ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн сот күзетпен ұстау мерзiмiн өзiнiң қаулысымен он екi айға дейiн ұзартуға құқылы. 

4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген күзетпен ұстау мерзiмдерi өткеннен кейiн сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына ауыстыруға тиiс. 

5. Осы баптың екiншi және төртiншi бөлiктерiнде белгiленген шектеулер өздері бойынша сотталушылардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталатын iстерге қолданылмайды.
Статья 1 ...340 341 342 343 344 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 342-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V