Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 344 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртiбi

1. Сот басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша қаулылар шығарады, олар сот отырысында жария етілуге жатады. 

2. Iстi тоқтату туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, қарсылық білдірулер туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жекеше қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады. 

3. Өзге қаулылар соттың қалауы бойынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен не сол орнында – сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады. 

4. Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша шығарылған қаулылар шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды. Басты сот талқылауы барысында шығарылған қаулылармен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. 

Ескерту. 344-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...342 343 344 345 346 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 344-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V