Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
355-бап. Сотталушының жеке басын және оған айыптау актісі көшiрмесiнiң уақтылы табыс етілгенін анықтау

Ст. 355 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде), туған жылын, айын, күнiн және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын анықтайды, деректерді оның жеке басын куәландыратын құжатпен немесе оның расталған көшірмесімен салыстырады, сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлетiнiн, тұрғылықты жерiн, айналысатын кәсібін, бiлiмiн, отбасылық жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректердi анықтайды. Содан кейiн төрағалық етушi сотталушыға айыптау актісі көшiрмесінiң табыс етілгенін-етілмегенін және нақты қашан табыс етілгенін анықтайды. Бұл ретте істі соттың талқылауы, егер бұл туралы сотталушы өтiнiшхат бермесе, сондай-ақ осы Кодекстiң 411-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, айыптау актісінің көшiрмесi табыс етілген күннен бастап үш тәулiк өтпей басталмауға тиiс.
Статья 1 ...353 354 355 356 357 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 355-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V