Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар

1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67, 67-1-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444 – 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы. 

2. Мемлекеттiк айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартатынын мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық қудалаудан бас тарту жекеше айыптаушының қылмыстық iс материалдарын пайдалана отырып, айыпталушыны қылмыстық қудалауды жалғастыруына кедергi келтiрмейдi. 

3. Қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға iстi тоқтатуға негiз, оның құқықтық салдары және істі осы негiз бойынша тоқтатуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. 

4. Қылмыстық iстi тоқтату туралы жәбірленуші және (немесе) оның өкілі хабардар етіледі, олар қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасауға құқылы. 

5. Қылмыстық iстi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе жәбірленуші бұған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады. 

6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлік белгілеп, адамды жазасын өтеуден босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы. 

Сот іс бойынша басқа қорытынды шешім қабылдаған жағдайда, кепіл нысанасы кепіл енгізген адамға дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және оны мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

Егер айыпталушы немесе жәбірленуші бұған қарсы болса, кепілгерлік белгілей отырып, адамды жазасын өтеуден босатуға жол берілмейді. 

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ
ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...674

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться