Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 364 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы

1. Сот тергеуi толық немесе қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады және айыптаушының – сотталушыға таққан айыбының мәнiн баяндауынан, ал жекеше айыптау iстерi бойынша – шағым берген тұлғаның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады. 

2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған жағдайда, айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа уәжді тұжырымдалуын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi. Айыптаушы айыптаудың мәнін баяндап болған соң сотқа процестік келісім жасасу ниеті туралы мәлімдеуге құқылы.
Статья 1 ...362 363 364 365 366 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 364-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V