Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
367-бап. Сотталушыдан жауап алу



Ст. 367 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған тағылған айып және iстiң басқа да мән-жайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқан сөздері өзiне қарсы пайдаланылуы мүмкiн екенiн түсiндiредi. 

2. Сотталушы айғақтар беруге келiсiм берген кезде бiрiншi болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, содан кейiн мемлекеттiк айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етушi жетелеуші сұрақтарды және iске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды. 

3. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтінде қойылуы мүмкiн. 

4. Сотталушыдан басқа сотталушының қатысуынсыз жауап алуға тараптардың өтiнiшхаты немесе соттың бастамасы бойынша жол берiледi, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған өзi болмаған кезде сот отырысының хаттамасына енгiзiлген айғақтар оқылады және өзi болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi.

Статья 1 ...365 366 367 368 369 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 367-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V