Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
372-бап. Жәбiрленушiнің және куәнiң айғақтарын жария ету



Ст. 372 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V




1. Сот талқылауында жәбiрленушiнің және куәнiң iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу немесе осыдан алдыңғы сот талқылауы кезiнде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін осы Кодекстің 377-бабында көзделген тәртіппен жария етуге: 

1) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулi қайшылықтар болған кезде; 

2) жәбiрленушi немесе куә олардың сот талқылауына келу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын себептер бойынша сот отырысына қатыспаған кезде; 

3) тергеу судьясы айғақтарды сақтауға қойған кезде жол берiледi. 

2. Жәбiрленушi және куә берген айғақтардың дыбыс жазбасын, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін тыңдатып-көрсету осы Кодекстiң 368-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген қағидалар бойынша орын алуы мүмкiн.


Статья 1 ...370 371 372 373 374 ...674

Перейти к статье







Добавить комментарий к 372-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V