Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 375 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
375-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру

1. Сот тергеп-тексеру барысында iске қоса тiгiлген және жаңадан ұсынылған заттай дәлелдемелерді сот тергеуi барысында қарап-тексеруге және тараптарға ұсынуға тиiс. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде тараптардың өтiнiшхаты бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша да жүргiзiледi. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарап-тексеруі үшiн ұсынылуы мүмкiн. Өздеріне заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдар соттың назарын заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру кезінде анықталған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларға аударуға құқылы. 

2. Сот заттай дәлелдемелердi қарап-тексеруді олар тұрған жерде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қағидаларды сақтай отырып жүргiзе алады.
Статья 1 ...373 374 375 376 377 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 375-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V