Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 395 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.08.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
395-бап. Үкiмдi жасау

1. Осы Кодекстiң 390-бабында көрсетiлген мәселелердi шешкеннен кейiн сот үкiмдi жасауға көшедi. 

2. Үкiм сот талқылауы жүргiзiлген тiлде жазылады. 

3. Үкiм кiрiспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөлiмдерінен тұрады. 

4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинаға басу тәсілімен не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және ол оған қол қояды. 

5. Үкімдегі түзетулер ескертілуге және үкім жария етілгенге дейін оның тиісті бетінде судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс. 

6. Үкiмге ол жария етілгеннен кейiн өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Статья 1 ...393 394 395 396 397 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 395-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V