Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 396 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
396-бап. Үкiмнiң кiрiспе бөлiгi

Үкiмнiң кiрiспе бөлiгiнде: 

1) үкiмнiң Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны; 

2) үкiмнiң шығарылған уақыты мен орны көрсетіледі. Судьялар бiрнеше тәулік бойы кеңескен жағдайда, үкiмнiң шығарылған уақыты оның жария етiлген күнiмен айқындалады; 

3) үкiм шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкiлдерi, аудармашы; 

4) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күнi және туған жерi, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсiбi, бiлiмi, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, iс үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер; 

5) жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ) көрсетiледi.
Статья 1 ...394 395 396 397 398 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 396-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V