Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 442 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
442-бап. Yкiмдi өзгерту

1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді былайша өзгертуге: 

1) сот тағайындаған жазаны немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрiн жеңiлдетуге; 

2) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануға сәйкес жаза тағайындауға; 

3) айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға; 

4) мән-жайлар дұрыс анықталған, дәлелдемелер толық зерттелген және талданған, сотталған адамның әрекеттері дұрыс құқықтық сараланған және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда, қосымша жаза қолдануға; 

5) сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенiнен неғұрлым жеңіл түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға; 

6) егер бiрiншi сатыдағы сот оны жасамаса немесе дұрыс жасамаса, қылмыстардың тиiстi қайталануының орын алғандығын тануға; 

6-1) шартты түрде соттаудың не жазаны өтеуді кейінге қалдырудың күшін жоюға; 

7) алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде соттаудың күшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша жазаны өтеуден босатудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот мұны жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға; 

8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға; 

9) үкімге азаматтық талап қою, процестік шығындарды және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізуге; 

10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. 

2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негiздер бойынша прокурор өтінішхат келтірсе немесе жекеше айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым берсе ғана қабылдауға құқылы. 

Ескерту. 442-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...440 441 442 443 444 ...674

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться