Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
51-бап. Сот



Ст. 51 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Сот билiгi органы бола отырып, сот қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады. 

2. Кез келген қылмыстық iсті соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамы ғана қарай алады, бұл осы Кодексте белгiленген: 

1) нақты iстердiң соттылығын айқындау; 

2) нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау; 

3) судьяларға қарсылық білдіру; 

4) iстi шешу функциясын айыптау және қорғау функцияларынан бөлектеу қағидаларын сақтау арқылы қамтамасыз етiледi. 

3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін: 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; 

облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, Әскери сот; 

аудандық және оларға теңестірілген соттар; 

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.

Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...674 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 51-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V