Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
52-бап. Соттың құрамы



Ст. 52 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



 1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал төтенше жағдай және жаппай тәртіпсіздік жағдайы барысында кісі өлтіру, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңда өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 125 (үшінші бөлігінде), 128 (төртінші бөлігінде), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді қарау айыпталушының өтінішхаты бойынша бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырылады.

 2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау алқаның кемінде үш судьясы бар құраммен алқалы түрде жүзеге асырылады, ал соттың қысқартылған тәртіппен қаралған, қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша, тергеу судьясының үкімін, қаулысын орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.

Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасы міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.

 3. Кассациялық сатыдағы сотта iстердi қарау алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.

 4. Осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде жеті) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.

5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.

6. Үкімді орындау және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.

7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.

 Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...674 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 52-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V