Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
57-бап. Iс бойынша төрағалық етушi



Ст. 57 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық iстi судьялар алқасының құрамында қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не заңда көзделген тәртiппен осыған уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi. 

Iстi жеке-дара қарап жатқан судья төрағалық етушi болып есептеледі. 

2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын қамтамасыз ету және осы Кодекстiң басқа да талаптарының, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық тұлғалардың тиісті мінез-құлқының сақталуы үшін барлық шараларды қолданады. 

3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процестің барлық қатысушылары және сот залында қатысып отырған өзге де тұлғалар үшiн мiндеттi. 

8-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР


Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...674 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 57-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V